"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

Василий Яковлевич Беляндра 1914 жылы 5 қаңтарда Денисов ауданының Досовка ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Біздің ауданымызда бастауыш білім алды. 1930 жылы Василий 16 жасқа келгенде, отбасымен бірге Қырғызстанға, Кеминск ауданы Боролдой ауылына көшіп кетеді, мұнда ол ұста және комбайнер болып жұмыс істейді.  1941 жылы тамыз айында Қызыл Армияға шақырылады. Оның соғыс ғұмырнамасы Донск және Сталинград майдандарында ауыр қорғаныс шайқастарынан басталды. 1943 жылы кіші лейтенант курсын бітірді. 23 гвардия мотоатқыш бригада мотоатқыш батальонының взвод командирі      (Воронеж майданы 7-ші гвардия танкт корпусы, 3-ші гвардия танк әскери бригадасы), гвардия кіші лейтенанты Беляндра 1943 жылы 22 қыркүйекте түнде өзінің жауынгерлерімен бірге тоқталмайтын оқ арасынан Днепрді соғыса өтті, Трактомир ауылын басып алды және плацдармда бекітілді. Екі тәуліктің ішінде взвод жауға 7 рет қарсы шабуыл  тойтартты. Ең қиын бөлімдерде әрқашанда кіші лейтенант Беляндра алда болатын еді. 1943 жылы 17 қарашада  Днепрді соғыса өткенде шабуыл ұрыста ерлігін көрсеткен үшін, жоғары әскери шеберлігі  үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Соғыс аяқталғаннан кейін Василий Яковлевич Боролдой ауылына оралды, механизатор болып жұмыс істеді. 1967 жылы қайтыс болды.

Екі Қызыл Жұлдыз ордендерімен, Ленин орденімен, Қызыл Ту орденімен, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, Александр Невский орденімен және көптеген медальдармен марапатталда.

Василий Яковлевич Беляндра – Қызыл алаңдағы 1945 жылы тарихи Жеңіс парадының қатысушысы. 

Қырғызстанда Быстровка ауылында және Боролдой ауылдарында оның атымен көшелер аталған, осы елдің астанасында, Бишкек қаласында Екінші дүниежүзілік соғыс батырлары аллеясында жерлесіміздің бюсті орнатылған.

Қырғызстанның астанасы Бишкек қаласында Екінші дүниежүзілік соғыс батырларының аллеясы («Жас гвардия») бар: бұл саябақ 1975 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 30 жылдығына орай құрылған. Бұл соғыста қаза тапқан адамдардың бюсттерінің ұзын тізбегін білдіреді.

Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.

 

Instagram: denisov_muzeyi, https://vk.com/museum.denisovka   https://ok.ru/museum.denisovka

Мы в социальных сетях