"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

Нұрпейісов Садық Нұрпейісұлы (1904-1939) — кеңестік комсомол, партия, мемлекет қайраткері.

Қостанай уезінің Аят болысының Ақсу ауылында батрак отбасында дүниеге келген. Ауыл мектебінде бастауыш білім алған. 1918 жылы Қостанайда Комсомол ұйымын ұйымдастыруға қатысты. 1919-20 жылдары-Қызыл Армия қатарында.

1920-1923 жылдары Садық Нұрпейісов РКЖО Денисов уездік комитетінде жауапты лауазымдарда жұмыс істеді, Денисов уездік жұмысшы-шаруа милициясының бастығы болды.

1924-1925 жылдары-Қырғыз обкомының ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қырғыз обкомының ұйымдастыру бюросының Жетісу және Сырдария облыстарындағы БЛКЖО ұйымдарын басқару жөніндегі хатшысы, 1925 жылдан бастап РКП(б) мүшесі.

1925-27 жылдары БЛКЖО Қазақ крайкомының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, содан кейін 1929 жылға дейін - БЛКЖО Қазақ крайкомының бірінші хатшысы болып жұмыс істеді. 1929-31 жылдары Садық Нұрпейісов Мәскеуде оқыды.

1931-32 жылдары БКП(б) Мерке аудандық комитетінің жауапты хатшысы, кейін БКП(б) Қарағанды облыстық комитетінің екінші хатшысы болып тағайындалды. 1934 жылдың маусым айынан бастап С. Нұрпейісов БКП(б) Қазақ крайкомының екінші хатшысы болды, республикалық деңгейде жұмыс істеді, 1934 жылы кеңесші дауыс беру құқығымен БКП(б) XVII съезінің делегаты болды.

1937 жылы 7 маусымда Қазақстан Компартиясының І съезінің соңында өткен ұйымдастырушылық пленумда Одақ Республикасының құрылуымен Садық Нұрпейісов Қазақстан КП ОК екінші хатшысы болып сайланды.

      1938 жылдың мамыр айынан бастап БКП(б) ОК қарамағында болды, бірінші шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар кеңесінің депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар кеңесінің мандаттық комиссиясының төрағасы болды.

       Садық Нұрпейісов 1938 жылы 1 қарашада контрреволюциялық террористік ұйымға қатысқаны үшін қамауға алынды. РКФСР Қылмыстық Кодексінің 58-бабының 1а, 7, 8, 9 және 11-тармақтары бойынша кінәлі деп танылды.        

       1939 жылы 25 ақпанда Садық Нұрпейісов ату жазасына кесілді, үкім сол күні орындалды. Мәскеудегі Дон зиратында жерленген.

        Садық Нұрпейісов 1956 жылы 28 шілдеде КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының ұйғарымымен ақталды.

        1969 жылы Орджоникидзе аудандық атқару комитетінің шешімімен Орджоникидзе ауылының (Денисовка ауылы) көшесінің біріне және Ақсу сегіз жылдық мектебіне Садық Нұрпейісов есімі берілді.

Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.

Instagram: denisov_muzeyi, https://vk.com/museum.denisovka  https://ok.ru/museum.denisovka

 

Мы в социальных сетях