Денисов тарихи-өлкетану музейі Қазақстан Отанына айналған депортацияланған халықтар туралы «Ризашылық - мейірімділік бұлағы» онлайн - көрмесін ұсынады.
1936 – 1938 жж. біздің республикамызға КСРО аудандарынан шекараға жақын: поляктар, кәрістер, әзербайжандар, түрктер, армяндар, курдтар және т.б. халықтар қоныс аударған. Соғыс жылдары Қазақстанға гректер, крым татарлары, болгарлар, түрк-месхетинцтер, хемшидтер, қалмақтар, карачаев пен балкарлар, шешен мен ингуштер, Поволжье мен Кавказдан немістер жер аударған. 1949 ж. 1 ақпанына арнайы жер аударылып келіп қоныстанған адамының жалпы саны 820,1 мың адам құрастырылды.
Қазақтар қиын жағдайға ұшыраған адамдарға көмектесті: пана, қамқорлық, жылы киім берді, бір үзім нанымен де бөлісті, балалар мен қарт-қария кісілерді емдеді, халықты өзіміздікі және бөтендікі деп бөлмеді, бірлесіп жабыла өлім ажалымен күресті. Осы қиын жылдары Қазақстан көп ұлтты болды, республикамызда бірегей халықтар және мәдениет конгломераты қалыптасты.
Мыңдаған қарып адамдарды қабылдап алып, қазақ халқының меймандостығы арқасында, қазақ халқы жетілділіп және қалыптасып, біздің ортақ ұлы Отанымыздың келешегіне сеніммен қарайды.
Қазақстан Отанына айналған депортацияланған халықтардың әр ұрпағы қазақ халқы мен қазақ жеріне өз алғысын айтады: «Қазақ Еліне, көп-көп рахмет!».
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: denisov_muzeyi, https://vk.com/museum.denisovka https://ok.ru/museum.denisovka