Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталғанына 70 жыл толуына орай Денисово тарихи-өлкетану музейінің ұжымы бірқатар іс-шаралар өткізіп, келушілеріміздің ыстық ықыласына бөленді.
Фойеде тың өлкелерінен алынған тұрмыстық заттар қойылған «Тың шатыры» музейлік инсталляциясы және 1950 жылдардағы фотосуреттер мен алғашқы тың игерудің қалай болғанын баяндайтын құжаттардан тұратын «Аймақ тарихындағы тың жерлер тарихы» атты көшпелі көрме болды. Қазақстан жерінде тұңғыш тың игерушілерді қалай қарсы алғаны, тың жерлерді қалай бірге көтеріп, Отанымызға қазақстандық нан бергені туралы әңгімелеп берді.
№ 2 Денисов мектебінің орта және жоғары сынып оқушылары (тарих пәнінің мұғалімі Н.А. Балабай) «Тың дәуірнамасы. Еңбек ерлігіне 70 жыл»дәріске қатысты.
Бұл күндері ауданымыздың тұрғындары мен қонақтары 1954 жылдың көктемінде құрылған «Баталинский», «Комаровский», Некрасов атындағы, «Оржоникидзевский», «Приреченский», Свердлов атындағы тың кеңшарларының 70 жылдығына арналған «Тың Даңқ мұрагерлері» тақырыптық экскурсияларына баруға мүмкіндік алды.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: denisov_muzeyi, https://vk.com/museum.denisovka https://ok.ru/museum.denisovka