Наурыз мейрамы жалғасуда. 2024 жылғы 16 наурыз- «Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні». Бұл күні музей мен кітапхана қызметкерлері Денисовка ауылының сауда алаңында ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау бойынша іс-шара өткізді. Ауыл тұрғындарына дәстүрлі түрде бала өмірінің 40-шы күнінде өткізілетін «Қырқынан шығару» қазақ халқының салт дәстүрі ұсынылды. Қырықтан шығу рәсімі — жаңа туған нәрестенің өміріндегі басты рәсімдердің бірі. Оны өткізу дәстүрлері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Оны ұстанатын қазіргі отбасылар ата-баба дәстүрлерін құрметтейді және өздерінің мәдени мұраларын сақтайды.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: denisov_muzeyi, https://vk.com/museum.denisovka https://ok.ru/museum.denisovka