2024 жылдың наурыз айында жерлесіміз, Қостанай облысы Денисов ауданының тумасы, КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚазақКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, мемлекет қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетовтың (1949 – 2021) туғанына 75 жыл толар еді.
Әр уақытта ол әртүрлі жоғары лауазымдарда лайықты еңбек етті: 2006 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі, 2003-2004 жылдары Астана қаласының әкімі. 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті.
Темірхан Досмұхамбетов бірнеше марапаттарға ие болды: 2-дәрежелі «Барыс» ордені, Ресей Достық ордені, бірнеше медальдар. Оған Астана қаласының Құрметті азаматы, самбодан Қазақстан мен КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атақтары берілді.
2019 жылы аграрлық сектордағы үздік жетістіктері үшін Т.М. Досмұхамбетов ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: denisov_muzeyi, https://vk.com/museum.denisovka https://ok.ru/museum.denisovka