"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

2025 жыл Қазақстанда жұмысшы мамандықтар Жылы болып жарияланды. Денисов тарихи-өлкетану музейі «Еңбек Ері» ақпараттық постерлер топтамасын жариялауды жалғастыруда.

Егінші - ауыр, бірақ құрметті және өте қадірлі  мамандық. 2025 жылы (1915) Социалистік Еңбек Ері (1957), «Орджоникидзевский» совхозының (Қостанай облысының Красноармейка МТС) тракторшылар бригадирі, Федор Васильевич Левченконың туғанына 110 жыл толар еді.

Ф. В. Левченко 1915 жылы Михайловка ауылында (Запорожье облысы, Украина) шаруа отбасында дүниеге келген. 15 жасынан бастап жергілікті колхозда жұмысшы болып еңбек етті. Ауылдық механикаландыру мектебін бітіргеннен кейін механизатор болып жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысына қатысты. Демобилизациядан кейін ол Отанына оралып, Пришибская МТС -да механизатор, директор болып жұмыс істеді.

1954 жылы партиялық жолдама бойынша Қазақстанға тың жерлерді игеруге келді. Красноармейка МТС-да механизатор болып жұмыс істеді. Кейін трактор бригадасын басқарды. 1956 жылы Федор Левченконың бригадасы 3100 гектар алқапта әр гектардан орта есеппен 22 центнер астық жинап, бастырды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1957 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығымен тың және тыңайған жерлерді игеру және жоғары өнім алу жұмыстарында ерекше жетістіктері үшін Ленин ордені мен «Серп и Молот» алтын медалін тапсыра отырып, Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды.

1964 жылы Украинаға туған жері Михайловкаға оралды, онда Мичурин атындағы колхозда тракторшы және колхозаралық жол-құрылыс ұйымында қолөнерші болып жұмыс істеді.

Ф. В. Левченко 1987 жылы Михайловка (Запорожье облысы, Украина) ауыр аурудан кейін қайтыс болды.

 

 

Мы в социальных сетях