1994 жылғы 1 шілдеде сағат 12:24-те «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз ТМ-19» ғарыш кемесі ұшырылды. Оның бортында командир Юрий Маленченко мен бортинженер Талғат Мұсабаев болды.
Еліміздің тарихында бұл күн егемен Қазақстанның Тұңғыш азаматының ұшуы ретінде жазылған. Сонымен қатар, Мұсабаев ашық ғарышқа шыққан алғашқы қазақ болды.
2021 жылғы 8 сәуірде Денисов тарихи-өлкетану мұражайы «Тәуелсіз Қазақстанның ғарышкерлері" постерлер топтамасын жариялауды жалғастырды.
Постер ғарышқа үш рет ұшқан қазақ ғарышкері Т. А. Мұсабаевқа арналған.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған:
Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/