Денисов тарихи-өлкетану мұражайы «Қола дәуірінің бекіністі қонысы Қамысты» киелі объектісін танымал етуді жалғастыруда. Мұражай қызметкерлері Қазақстан Республикасының жалпыұлттық маңызы бар киелі нысандар тізіміне енгізілген осы археологиялық ескерткішке үшінші ақпараттық тур ұсынады.
Материалдар мұражай сайтында, «Бейнегалерея» бөлімінде және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/