Абай Құнанбайұлы ақын, ағартушы, философ, гуманист, қазіргі ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы, аудармашы және композитор ретінде еліміздің тарихында өшпес із қалдырды.
Ұлы ойшылдың құрметіне Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 2021 жылғы 10 тамызда Абайдың туған күнінде Денисов тарихи-өлкетану мұражайы «Абай мұрасы-халықтың мәдени игілігі» көрмесін және «Абай – ұлы тұлға» бейнедәрісін дайындады.
Материалдар мұражай сайтында, "Видеогалерея" бөлімінде және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: museum_denisovka http://www.museum.denisovka.kz/