"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

Біздің археологиялық ескерткішті зерттеу басталды!

  orel Қостанай облысының мәдениет басқармасымен 2021-2023 жылдарға қола дәуірінің нығайтылған «Қамысты» қонысына археологиялық зерттеу жүргізуге қаражат бөлінді (Денисов ауданы, Аршалы ауылдық округі).
Осы жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.В. Логвин) төрт мың жыл бұрын Орал-Қазақстан даласының аумағында болған, әлемге әйгілі археологиялық «Қалалар еліне» кіретін осы бірегей қонысты барлауды бастады.
   2021 жылдың 22 қыркүйегінде біздің ауданның мәдениет қызметкерлері Қазақстан Республикасының жалпыұлттық киелі нысандар тізіміне кіретін қола дәуіріндегі «Қамысты» археологиялық ескерткішіне барды. Андрей Викторович Логвин осы жылдың міндеттері - ескерткіштің нақты шекараларын анықтау, георадар мен квадрокоптерді пайдалана отырып барлау жүргізу, келесі жылға толық көлемді қазба жұмыстарын дайындау туралы айтып берді.
   25 қыркүйекте аудан тұрғындарының шағын экскурсиялық тобы археологиялық жұмыстар жүргізілетін орынға шықты. Экскурсанттар экспедиция жұмысымен танысып, біздің киелі ескерткіш туралы археолог-ғалымдардың аузынан көптеген қызықты мәліметтер алды, Ұлы Даланың ежелгі тарихына тоқталды.

 

 

27092021 127092021 2

27092021

 

Мы в социальных сетях