«Рухани бұлақтар». Рухани кітап көрмесі.
Рухани келісім күніне.
Қазақстан Республикасындағы Рухани келісім күніне орай Денисов тарихи-өлкетану мұражайы біздің қорымызда сақталған рухани кітаптар топтамасының көрмесін дайындады.
Бұл ХІХ және ХХ ғасырдың басындағы неміс тіліндегі басылымдар. Экспозицияны әдемі готикалық шрифтпен басылған Киелі кітап ашады. «Дәуіттің діни жырлары» Берлинде 1900 жылы жеке кітаппен шыққан.
Музейдегі көрмеде ХVIII ғасырда Германияда өмір сүрген лютерандық дін қызметкері Имануэль Готтлоб Брастбергердің уағыздарының жинағын да көруге болады. Екі ғасыр бойы бұл Германияда ғана емес, басқа елдерде де үлкен тиражбен жарық көрген кітап болды.
Көрмеге қош келдіңіздер!