"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

 orel    Денисов тарихи-өлкетану мұражайында мұрағат материалдары, қолжазбалар, еске алу кітаптары сақталған, онда Ұлы Отан соғысына қатысушы жерлестер туралы, олардың неміс басқыншыларын жеңуге қосқан үлесі туралы жеткілікті ақпарат жинақталған.
   Мұражай қызметкерлері «Біздің ардагерлер» постерлер топтамасын жариялауды жалғастыруда. 2021 жылдың 3 қарашасында Ұлы Отан соғысының ардагері Зильбаев Таш Омарұлына арналған постер жарияланды.
Зильбаев Таш Омарұлы 1925 жылы Денисов ауданында туған. Соғысқа ол 1943 жылы Жетіқара АӘК-мен сержант атағымен I Украин майданы құрамында шақырылды және миномет есебінің командирі болды. Украинадағы Бердычевтен Германиядағы Бреслауға дейінгі жауынгерлік жолдан өтті. Екі рет жараланды.
   1947 жылы маусым айында әскерден қайтарылды, одан кейін Денисовка ауылында партиялық-кеңестік органдарда жұмыс істеді және 1996 жылы зейнеткерлік демалысқа шықты.
   Зейнеткерлік демалыста бола тұра аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесін басқарды. Таш Омарұлы - Астана қаласындағы Жеңістің 60 жылдығына арналған шеруге қатысты, ал 2010 жылы Мәскеу Жеңіс шеруіне шақырылды.
   II дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» медалімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» екі медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен, мерейтойлық медальдармен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.
   Ол өз жерлестерінің арасында беделді, әділетті және ақкөңіл адам ретінде құрметке ие болды.

   Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған:
   Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/

03112021

Мы в социальных сетях