Маслак Григорий Емельянович 1926 жылы туған, Қостанай облысы Денисов ауданы Антоновка ауылының тумасы. 1942 жылғы қараша айында өз еркімен соғысқа аттанды. Челябі облысы Чебаркуль қаласында кіші командалық құрамның алғашқы дайындығынан өтті. Батыс Украинаны, Польшаны босатты, Прагаға дейін жетті.Соғыстан кейін Батыс Украинаны бандеровшылардан босатты. 1950 жылы қараша айында әскерден босатылып, Антоновка ауылына оралды. Марапаттары бар: Қызыл Жұлдыз ордені, ІІІ дәрежелі Даңқ ордені, медальдар.Тыныш заманында «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «ІІ – дәрежелі Отан соғысы» орденімен марапатталған. 2018 жылы қайтыс болды.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырлған
Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/