Александр Васильевич Лукояновтың туғанына 95 жыл.
Александр Васильевич Лукоянов-Қостанай облысы Орджоникидзе ауданы «Комаровский» совхозының алғашқы тың игерушісі, механизаторы. Социалистік Еңбек Ері.
1927 жылы 25 қаңтарда Татар АКСР-нің Алькеев ауданы Садиково ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1942 жылы «Энергетик» совхозында тракторшы болып бастаған, кейін Кеңес Армиясында қызмет еткен. Комсомол жолдамасы бойынша тың игеруге Қазақстанға – жаңадан құрылған «Комаровский» совхозына келді, онда тракторшы, комбайнер, машина ауласының меңгерушісі болып жұмыс істеді.
1954-1955 жылдары өзінің «ДТ-54» тракторында ол 2200 гектар жерді жыртып, 180-200 пайыз тапсырмаларды орындады. Ол көптеген рационализаторлық ұсыныстар жасады. Оның 1962 жылғы асыл өнертабыстарының бірі – дақылдардың арамшөптерімен күресу қондырғысы - "КАӨ" (Комаровканың арамшөптеріне өлім).
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1957 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығымен А.В. Лукояновқа Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені мен «Орақ пен Балға» алтын медалін табысталуымен.
2003 жылы 21 шілдеде қайтыс болып, Комаровка ауылында жерленді.
Сурет Денисов тарихи-өлкетану мұражайының қорынан алынды.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырлған.
Instagram: museum_denisovka, Ок: https://ok.ru/museum.denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/