Денисов тарихи-өлкетану мұражайының қорынан.
Біздің музейдің қор жинағында 1986 жылғы «Қазақстан Компартиясының ХVI съезі» деп аталатын қара-ақ топтық фотосурет сақталған.
Сурет Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың (ол - бірінші төменгі қатардың ортасында) басшылығымен өткен соңғы ірі қазақстандық коммунистік форумға қатысушылардың бейнеленуімен бірегей.
Съезд 1986 жылы 6-8 ақпанда Алматы қаласында өтті. Оның жұмысына республиканың миллионға жуық коммунистерінің атынан 1690 делегат қатысты. Бірақ мұндай ауқымды коммунистік жиналыс соңғысының бірі болды.
Бес жылдан кейін, 1991 жылы Қазақстан Компартиясының XVIII съезі өтеді, онда Қазақстан Коммунистік партиясының таратылғаны жөнінде хабарланады.
Ал 1986 жылы біздің ауданнан ХVI съезге Орджоникидзе аудандық комитетінің бірінші хатшысы Авдиенко Николай Тарасович жіберілді. Суретте ол ең жоғарғы қатардың ортасында орналасқан.
Николай Тарасович 2007 жылы бұл фотосуретті Денисов тарихи-өлкетану мұражайына беру туралы шешім қабылдады.
Instagram: museum_denisovka, Ок: https://ok.ru/museum.denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/