"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

Денисов тарихи-өлкетану мұражайы кітапхана ғимаратын күрделі жөндеу кезінде аудандық мәдениет үйінде орналасты. Бірақ жұмыс экскурсиялар болмаса да жалғасуда.

АМҮ фойесінде музей қызметкерлері «Қамысты» бекіністі қонысының олжалары» (Аршалы ауылдық округі) көрмесін дайындады, онда Қазақстан Республикасының жалпыұлттық маңызы бар киелі орындар тізіміне енгізілген біздің бірегей ескерткіштің бетінен табылған археологиялық артефактілер ұсынылды.

Көрменің тұсаукесерінде музей қызметкері осы таңғажайып қала туралы, оның тарихы, құпиялары мен гипотезалары туралы айтып берді, біздің ауыл жастары керамиканың ою-өрнектелген фрагменттерімен және пышақ тәрізді пластиналармен танысты. Балалар 2021 жылы археологиялық барлау жүргізіліп, биыл археологиялық қазба жұмыстары ұйымдастырылатынын білді.

Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.

Instagram: museum_denisovka, Ок: https://ok.ru/museum.denisovkahttp://www.museum.denisovka.kz/

17 02 2022 1

Мы в социальных сетях