Жазушы, журналист. Ақсу ауылында туған. 1923 – 1925 жылдары Орынбор қаласындағы, «Жас қазақ» журналының жауапты хатшысы болып қызмет етеді.
1924 – 1942 жылдар аралығында «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») республикалық газетінің жауапты қызметтерінде жұмыс істеді. 1923 жылы «Жас қазақ» журналында «Жаңбырдан соң» атты өлеңі жарыққа шықты. 1926 жылы «Қызыл Қазақстан» журналында «Аршалы өзеңінің жиегінде» атты поэма жарияланды. 1927 жылы «Әйел теңдігі» журналында «Балшүкен» әңгімесі және «Еңбекші қазақ» газетінде «Ақ бата» сықақ әңгімесі шықты. 1942 жылдың бас кезінде Ұлы Отан соғысына аттанады.
1944 жылдың қараша айында Кенигсберг қаласының қасында қаза табады.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: museum_denisovka, Ок: https://ok.ru/museum.denisovka ВК: http://www.museum.denisovka.kz/