28 шілде күні аудандық мәдениет үйінің қонақтары Орджоникидзе (Денисов) мектебінің түлектері болды, олар бұл оқу орнын 55 жыл бұрын бітірді. Олар үшін Денисов тарихи-өлкетану мұражайының, орталықтандырылған кітапхана жүйесінің және мәдениет үйінің қызметкерлері мазмұнды бағдарлама дайындады.
Қонақтардың назарына «Батыр туралы естелік» (Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдиновтың мерейтойына орайластырылған), «Қамысты бекіністі қонысы: артефактілер» (археологиялық топтама), сондай – ақ бірегей музей экспонаты-ежелгі түркі жауынгерінің тас мүсіні туралы презентациясымен сүйемелденген әңгіме ұсынылды.
Сонымен қатар, үлкен экранда мұражай түсірген «Денисов жерінде сақталған құпиялар» және «Біздің тағдырымыздың өзені – Тобыл» фильмдері көрсетілді.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: museum_denisovka, Ок: https://ok.ru/museum.denisovka ВК: http://www.museum.denisovka.kz