2022 жылғы 4 қарашада Денисов кәсіптік-техникалық колледжінің студенттері үшін Денисов тарихи - өлкетану мұражайының қызметкерлері «Құқықтық навигатор» атты қызықты іс-шара дайындады. Жастар құқық, оның жасөспірім өміріндегі маңызы туралы білді. Кәмелетке толмағандар, ең алдымен, өздерін және өз бостандықтарын қорғай отырып, оларды бұзбау үшін Қазақстанның заңдарын білуі тиіс.
Іс-шара өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын тәрбиелеу және ақпараттандыру аясында өткізілді.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/ https://ok.ru/museum.denisovka