2023 жылғы 20 ақпанда «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орай № 2 Денисов жалпы білім беретін мектебінің 8-ші сыныптар оқушыларына арналған Денисов тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Уақытқа саяхат...» және «Қазақ» газетінің тарихы» көрмесін ұйымдастырды.
«Қазақ» қоғамдық-саяси және әдеби газетінің бірінші нөмірі 1913 жылы 2 ақпанда жарық көрді. Оның баспагерлері қазақ халқының көрнекті ұлдары, зиялы қауымның жарқын өкілдері, «Алаш» партиясының болашақ негізін салушылары: ағартушы, лингвист-ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы Ахмет Байтұрсынов, қоғам қайраткері, оқытушы, журналист, этнограф Әлихан Бөкейханов, қоғам қайраткері, ақын, жазушы Мыржақып Дулатов болды.
Бірінші жылы «Қазақ» газеті үш мың дана тиражбен басылып шықты, уақыт өте келе бұл көрсеткіш сегіз мың данадан асты. Газет бес жылдан астам уақыт бойы жарық көрді, осы кезеңде апта сайын 265 нөмірі жарық көрді. 1918 жылы наурызда Торғай облыстық Кеңес Съезінің шешімімен газет баспаханасы таратылды.
Балалар газеттің құрылу тарихын біліп, көрмемен танысып, «Қазақ» газеті» бейнеролигін тамашалады.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: museum_denisovka, http://www.museum.denisovka.kz/