Моргуль Николай Константинович 1923 жылы Қостанай облысы Жетіқара ауданының Окраинка кентінде, Қазіргі Денисов ауданы, Қостанай облысында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Қостанай қаласының педагогикалық училищесіне оқуға түсті. 1942 жылы 15 мамырда Қостанай облысының Жетіқара АӘК Қызыл Армияға шақырылып, 24 армиялық қосалқы атқыштар полкінің құрамына жіберілді. Қызмет атқыштар бөлімшесінің командирі болып өтті. 1944 жылы Венгрияны азат етті. 1945 жылы Германияда жеңіске жетті. Әскери қызмет кезеңінде және көрсеткен ерлігі үшін «Бірінші дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, сондай-ақ мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Бейбіт уақытта Тельман ауылдық кеңесінің төрағасы болып 10 жыл қызмет атқарды. Николай Константинович еңбек сіңірген демалысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. Көп жылғы еңбек Ленин орденімен, «Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен марапатталды. 2005 жылы қайтыс болды.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: denisov_muzeyi, http://www.museum.denisovka.kz/