2023 жылдың 15 мамырында Халықаралық Отбасы күніне орай Денисов тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Отбасылық альбомды парақтаймыз» атты фотокөрме дайындады.
Көшедегі фотокөрме «Шаңырақ» аркасының астындағы мемлекеттік қызметшілер аллеясында орналастырылды. Шаңырақ-отбасының, үйдің және отбасылық ошақтың символы. Фотокөрмеде өз тарихы мен дәстүрі бар Денисовка ауылының тұрғындарының отбасылық альбомдарының фотосуреттері ұсынылды.
Музей қызметкерлері денисовшыларды Отбасы күнімен құттықтап, барлығына отбасыларына сүйіспеншілік, бейбітшілік, тыныштық пен бақыт тіледі.
Көрме үлкен табыспен өтті, көрмеге келушілер музей қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: denisov_muzeyi, http://www.museum.denisovka.kz/