2023 жылғы 16 маусымда Денисов тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Солнечный» балалар сауықтыру лагерінің демалушылары үшін «Полиглот» лингвистикалық ойынын өткізді, ол бірнеше турдан тұрды: «Өзіңізді таныстыруға рұқсат етіңіз», «Блиц-викторина», «Музыкалық байқау», «Тілдер туралы қызықты деректер», «Аудармашы», «Ақындар байқауы».
Қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі білгірлігін көрсетті. Іс-шара барысында қатысушылар тілдер туралы қызықты, танымдық фактілерді біле алды, балалар кезек-кезегімен сұрақтарға жауап берді, «өте жақсы» нәтижелерін көрсетті Іс-шара соңында балалар үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындады.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: denisov_muzeyi, http://www.museum.denisovka.kz/https://ok.ru/museum.denisovka