2023 жылғы 18 шілдеде «Солнечный» жазғы сауықтыру лагерінде демалып жатқан балаларға арналған Денисов тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері Денисовка ауылының құрылғанына 120 жыл толуына орай «Өткенді еске алу» атты көшпелі көрме ұйымдастырып, сондай–ақ «Мұның бәрі - менің Отаным» интерактивті ойынын өткізді.
Ауылдың құрылу тарихы, ескерткіштер, атақты денисовалықтар, туған өлкенің көрікті жерлері мен табиғаты туралы көптеген жаңа және қызықты мәліметтерді балалар білді.
Ұпайларды ең көп санын жинаған балалар тәтті сыйлықтар мен кәдесыйлармен марапатталды.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: denisov_muzeyi, https://vk.com/museum.denisovka https://ok.ru/museum.denisovka