Денисовка ауылының 120 жылдығының мерейтойлық жылында Денисов тарихи-өлкетану музейі «Ауыл тарихындағы есімдер...» топтамасының постерлерін жариялауды жалғастыруда.
Постер жерлесіміз, ҚР ІІМ полиция генерал – майоры Галымжанов Наиль Молдахметұлына арналған.
Наил Молдахметұлы үшін Қостанай облысының Денисовка ауылы-бұл кіші Отан, ол туып-өскен, оқыған, оның отбасы мен жақын адамдары тұратын жер.Жыл сайын Наиль Молдахметұлы туған ауылына келіп, ауылдастарымен кездесіп, туған ауылы мен ауданының мәселелерін білуге тырысады, жерлестеріне сөзбен және іспен көмектеседі. Ол үшін біздің тарихымызды, осында өмір сүрген, жұмыс істеген және осы жерді шын жүректен сүйген адамдарды еске алу қымбатты. Мұнда бәрі ол үшін қымбат және ұмытылмас.
Денисовшылар жерлесінің жетістіктерін мақтан тұтады, оны құрметтейді және бағалайды.
Галымжанов Наиль Молдахметұлы көптеген төсбелгілермен, «Ерігі үшін» медалімен, II дәрежелі «Данк» орденімен, Ұлы Петр орденімен (Ресей), көптеген шет елдердің үкіметтік және ведомстволық медальдарымен марапатталған.Қазақстан Республикасы ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, Тәжікстан Республикасы ІІМ құрметті қызметкері, атаулы қарумен марапатталды. «Генералдар кеңесі» РҚБ төралқасының мүшесі, Алматы қаласы. Денисов ауданының Құрметті азаматы.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: denisov_muzeyi, http://www.museum.denisovka.kz/