24 қазан, Қазақстан Республикасы Күні қарсаңында Денисов тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері № 1 Денисов орта мектебінің 6 сынып оқушыларына «Елдің басты мерекесі» азаматтық және патриотизм сабағын өткізді. Біз бәріміз бірге Қазақстан Республикасының Әнұранын орындадық. Бұл еліміздің басты ұлттық мерекесі. Балаларға Отанымыздың Мемлекеттік Егемендігі туралы декларацияның қабылдану тарихы, республиканың, облыстың және ауданның қазіргі кезеңдегі экономикасы мен мәдениетінің жетістіктері туралы айтылды.
Соңында ауылдың 120 жылдығына орай түсірілген біздің кішкентай Отанымыз туралы «Денисовка: мәңгілік махаббат» деректі фильмі көрсетілді.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: denisov_muzeyi, https://vk.com/museum.denisovka https://ok.ru/museum.denisovka