Бүгін 7 ақпанда, дәл 40 жыл бұрын, 1984 жылы Ауғанстандағы халықаралық борышын өтеу кезінде біздің жерлесіміз, Денисовка ауылының тумасы интернационалист жауынгер Сергей Михайлович Обуховтың өмірі қиылды.
Кеңес әскерлерінің колоннасына шабуыл жасаған кезде ол өлерлік жараланып, Ауғанстан аумағындағы әскери госпитальда қайтыс болды…
...Сергей 1984 жылы 27 ақпанда Орджоникидзе ауылының ауылдық зиратында барлық құрметпен жерленді. Ауданның әскери комиссары Обухова Надежда Ивановнаға: «Интернационалист – жауынгерге» және «Ауған халқының ризашылығынан» медальдар табыстады.
Денисов тарихи-өлкетану музейінде ауданымыздың жауынгер-интернационалистеріне арналған экспозиция рәсімделді. Көрменің орталық бөлігі Сергей Обуховқа арналған, онда 1981 жылы Сергей жасаған фотосуреттер, хаттар, жеке заттар және «Иисус» картинасы ұсынылған.
Биыл Сергей Обухов 60 жасқа толар еді …
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: denisov_muzeyi, https://vk.com/museum.denisovka https://ok.ru/museum.denisovka