2024 жылғы 30 мамырында, Қазақстанда 1997 жылдан бері аталып келе жатқан саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Денисов тарихи - өлкетану музейінің қызметкерлері кәсіптік-техникалық колледж студенттеріне арналған «Өз Отанының лайықты ұлдары» буклеттерінің тұсаукесерін өткізді.
Буклеттер қазақ халқының даңқы мен мақтанышын қалыптастырғандарға арналған: Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Мыржақып Дулатов, Құдайберген Жұбанов және Денисов ауданының қуғын – сүргінге ұшыраған тумалары-Ердәулет Қарпықов, Нұрхан Мусин, Садық Нұрпейісов, оның есімі Денисовка ауылдың орталық көшелерінің бірі аталады.
Көрнекті жерлес, лингвист, түркітанушы, публицист, қазақ халқының қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына толығырақ тоқталдық. Іс - шара соңында музей қызметкері «Ахмет Байтұрсынов-тарихтағы аңызға айналған тұлға» атты зияткерлік ойын өткізілді.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: denisov_muzeyi, https://vk.com/museum.denisovka https://ok.ru/museum.denisovka