Анатолий Захарович Корсун-Денисов ауданының Құрметті азаматы, елу жылдан астам жер саласында жұмыс істеді, Орджоникидзе ауданындағы ең ірі совхоздардың бірін басқарды, көптеген үкіметтік наградалармен, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды.
Анатолий Захарович Корсун 1939 жылы 11 маусымда Орджоникидзе ауданының Покровка ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1955 жылы совхоз ұстасында балға соғушы, кейін «Покровский» совхозында механизатор болып бастаған. 1956-1960 жылдары қазақстандық ауыл шаруашылығы техникумында оқыды. Аяқтағаннан кейін Горький Камышин ауданы совхозына бөлімше механигі болып жіберілді, содан кейін МТШ меңгерушісі болып тағайындалды. 1961 жылы комсомол ұйымының хатшысы болып сайланды. Целиноград ауылшаруашылық институтын бітіргеннен кейін «Покровский» совхозының бас инженері болып жұмыс істеді.
1975 жылы 17 маусымда Қостанай облысы Денисов ауданы «Баталинский» совхозының директоры болып тағайындалды. Бұл қызметте 28 жыл жұмыс істеді. 1999 жылы шаруашылық «Баталинское» ЖШС болып реформаланды, онда Анатолий Захарович құрылтайшы болды.
Оның басшылығымен осы жылдар ішінде шаруашылық ұжымының еңбекті ұйымдастыру, шаруашылық экономикасын едәуір нығайту, жұмысшылардың өмірі мен ауылдың келбетін жақсарту бойынша орасан зор жұмысы атқарылды. Анатолий Захаровичтің еңбегі көптеген үкіметтік наградалармен марапатталды: екі «Құрмет Белгісі» ордені (1972 және 1976), «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» (1957), «Ерен еңбегі үшін» (1970), «Еңбек ардагері», «Ерен енбегі үшін» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Еңбек ардагері» (2014) медальдары, I және II дәрежелі "Еңбек Даңқы «Құрмет белгілері».
2014 жылы Анатолий Захаровичке «Денисов ауданының Құрметті азаматы» жоғары атағы берілді.
Өмірінің соңғы жылдары Анатолий Захарович Қостанай қаласында тұрды. 2018 жылдың 8 қыркүйегінде қайтыс болып, Қостанай қаласының зиратында жерленген.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған. Instagram: denisov_muzeyi, https://vk.com/museum.denisovka https://ok.ru/museum.denisovka