"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

2018 жылдан бастап шілденің әрбір бірінші жексенбісінде Қазақстанда «Домбыра күні»  ұлттық мерекесі атап өтіледі. Осы мереке қарсаңында Денисов тарихи-өлкетану музейінде «Домбыра – халық мұрасы» таным сағаты мен көрмесі өтті. Іс - шараны Денисов балалар музыкалық мектебінің домбырашылар ансамблі музыкалық жетекші Азамат Бауыржанұлы Валихановтың жетекшілігімен «Кеңес», «Алкисса» (Нұрғиса Тілендиев) күйлерін орындап, ашты.

Іс-шарамыздың мақсаты № 2Денисов  жалпы білім беретін мектебінің мектеп балалар алаңының тәрбиеленушілерін домбыра туралы аңыздармен, оның құрылысымен таныстыру, қазақ халқының музыкалық аспаптары туралы ой-өрісін кеңейту, қазақ халқының музыкасына, дәстүрлері мен мәдениетіне қызығушылықты тәрбиелеу болды. Музей  қызметкерлері домбыра туралы, еңбегі сіңген домбырашылар туралы, домбыраның шығу тегі туралы аңыз туралы, домбыраның тарихы - қазақ халқының мәдениетінің нышаны туралы айтып берді. Балалар «Сөзді таңдап ал», «Қолмен шапалақтаймыз, аяқпен басамыз», «Домбыраны келесіге бер» музыкалық-жылжымалы ойынында,  сондай-ақ пазлдарды жинады, сұрақтарға жауап берді, «Қазақ халқының музыкалық аспаптары» викторинасына белсенді қатысты,  фотосуреттерді қазақ халқының музыкалық аспаптарының топтары бойынша сұрыптады: ішекті, үрмелі, ұрмалы. Іс-шара соңында балалар домбыраны қарап, домбыраның негізгі бөліктерімен танысты, кейбіреулері тіпті домбырада ойнауға тырысты.

Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.

Instagram: denisov_muzeyi, https://vk.com/museum.denisovka    https://ok.ru/museum.denisovka

 

Мы в социальных сетях