2024 жылғы 31 шілдеде «Солнечный» сауықтыру лагерінде демалып жататын балаларға арналған Денисов тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толуына орай «Жошы ұлысы қазақ халқының тарихында» атты бейнедәрісі өткізді.
Іс-шара музыкалық нөмірден басталды, Арсен Уәлиханов домбырада «Арынғазы» күйін орындады. Домбыра туралы «Ақсақ құлан» деп аталатын аңыз бар, онда Шыңғысхан мен оның үлкен ұлы Жошы туралы айтылады. Балалар бұл аңызды бірден есіне алып, барлығы бірге айтып берді.
Іс-шара барысында «Жошы хан туралы аңыз» және «Жошы хан кесенесі» бейнероликтері пайдаланылды.
Біздің қатысушылар Жошы ханның өмірбаянынан, оның Моңғол империясындағы және Қазақстан тарихындағы рөлі туралы көптеген қызықты фактілерді білді, өйткені Қазақ хандығы Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде пайда болды және оның берік тарихи тамыры бар.
Сондай-ақ, балалар материалды бекіту бойынша викторина сұрақтарына белсенді жауап беріп, ұлттық ойындардың: аударыспақ, күміс алу, арқан тарту, жамбы ату элементтерін пайдалана отырып, жарыстарға ерекше қызығушылықпен қатысты. Фишканың ең көп санын жинаған ең белсенді қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: denisov_muzeyi, https://vk.com/museum.denisovka https://ok.ru/museum.denisovka
https://museum-denisovka.kz/kk/zha-aly-tar-2/2006-zhoshy-lysy-aza-khal-yny-tarikhynda.html#sigProIdfafa206df1