"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

 2024 жылдың 22 тамызында Денисов тарихи-өлкетану музейінде «Мирас» өлкетану үйірмесінің кезекті сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы облысымыздың бас қаласы «Қостанай – туған өлке» мерейтойлық күніне арналды. Балалар облыс орталығының тарихымен, қала атауы туралы аңыздармен танысты, қаланың ең танымал мүсіндік композицияларының суреттері бар пазлдарды жинады. Содан кейін 2023 жылдың 17 тамызында Қостанай жаңалықтары газетінде басылған «Біздің қалаға саяхат» бродилка ойынында, балалар әр түрлі жылдардағы қаланың көрікті жерлерін аралады.  Жолда, ойын барысында олар 145 жастағы қала туралы көп нәрсе білді. Мәреге алғашқылардың бірі болып жеткендер тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.

Instagram: denisov_muzeyi, https://vk.com/museum.denisovka     https://ok.ru/museum.denisovka

Мы в социальных сетях