«Егемендік пен Тәуелсіздік – ұлы Даланың арманы»
2024 жылғы 23 қазанда басты ұлттық мерекесі Қазақстан Республикасы күні қарсаңында жастар арасында «Егемендік пен Тәуелсіздік – ұлы Даланың арманы» тарихи диалог өткізілді.
Қатысушылар арасында Денисов кәсіптік колледжінің бірінші курс студенттері болды. Диалог алаңының спикерлері Денисов тарихи – өлкетану мұражайының басшысы Таран Наталья Ивановна және Денисов орталық аудандық кітапханасының қазақ әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Сәрсембаева Толқын Биктасовна болған. Модератор ретінде педагог, қоғам қайраткері, Денисов ауданының Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Моргуль Галина Павловна сөз сөйледі.
Іс-шара барысында балалар Қазақстан Республикасы күніне арналған көрмеге назар аударды. Еліміздің – Қазақстан Республикасының тарихы мен даму және қалыптасу жолдары туралы мәлімет еске түсірді. Диалог алаңының соңында біздің республика туралы патриоттық клип көрсетілді.
Материалдар мұражай сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Instagram: denisov_muzeyi, https://vk.com/museum.denisovka https://ok.ru/museum.denisovka
https://museum-denisovka.kz/kk/zha-aly-tar-2/2075-egemendik-pen-t-uelsizdik-ly-dalany-armany.html#sigProId748b1d7949