2025 жылдың 5 қаңтарында балалар ата-аналарымен бірге "Айтшы, Ақшақар" музейде мульконцертте болды.
Балалар мультфильмдер елінде саяхаттады, таныс мультфильмдерден әндер мен музыканы тыңдады, сүйікті кейіпкерлерін есіне алды, мультфильмді сөз тіркесі бойынша, ән бойынша болжады, жұмбақтар шешті. Мультфильмдердегі көңілді әндер балалардың қуанышты көңіл-күйін тудырды.
Сол күні "Мирас" өлкетану үйірмесінде "Ажурлық қар ұшқыны" интерактивті сабағы өтті. Біздің жас өлкетанушылар қыс, қар, қар ұшқыны туралы көптеген қызықты деректерді білді.