2025 жылдың 20 қаңтарында Денисов тарихи-өлкетану музейіне Антонов жалпы білім беретін мектебінің 5-6 сынып оқушылары экскурсиямен келді. «Денисов ауданының жауынгер – интернационалистері» және «Тыл – майданға» тақырыптарына ерекше назар аударылды.
Балалар біздің халқымыздың жадындағы ең қайғылы оқиғалардың бірі – Ұлы Отан соғысының тарихы, Қазақстанның біздің ортақ жеңісімізге қосқан зор үлесі, жерлестеріміздің фашизмді жеңуге қатысуы туралы көбірек білім алды.
Сондай-ақ, оқушылар Ауғанстандағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан интернационалист-жауынгер жерлестеріміз туралы және 1984 жылы қаза тапқан Сергей Обухов туралы ақпаратпен танысты.
Біздің еліміздің тарихындағы осы оқиғаларды еске алу мәңгі жүректе қалады. Бізге бейбіт аспан сыйлаған сарбаздар мен офицерлердің ерлігі, еркін елде өмір сүруге және оқуға мүмкіндік бергені есімізде мәңгі сақталады.