"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

2025 жылғы 21 сәуірде Денисов музейінің қызметкерлері Денисов ауданының ардагерлер Кеңесімен бірлесіп № 1 Денисов жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

         Оқушылар үшін Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, қостанайлық ұшқыш Леонид Беданың «Леонид Беда: аспан мен Отанға берілген өмір» мерейтойына арналған бейне дәріс және «Өлімнен күшті естелік» интерактивті музей көрмесі - инсталляциясы дайындалды.

         Денисов ауданы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Б. К. Достанов соғысқа қатысушылар – біздің ауданда тұрған жерлестеріміз туралы баяндады. Қазір, өкінішке орай, бізде сол соғыстың бірде-бір ардагері қалмады.

Мы в социальных сетях