"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

Ұлттық домбыра күніне орай Денисов тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Солнечный» балалар – сауықтыру лагерінде демалып жатқан Non Stop аға тобының балаларына арналған «Домбыра-қазақ халқының жаны» таным сағатын өткізді.

Домбыра-ұлттың жаны. Есімдері қазақ музыкалық тарихының бір бөлігіне айналған көрнекті күйшілердің ішінде 2025 жылдың 1 сәуірінде туғанына 100 жыл толған композитор, күйші, дирижер, домбырашы, педагог Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығы ерекше көзге түседі. Балалар жоғары кәсіби музыкант, домбырашы – виртуоздың өмірі мен шығармашылығымен танысты, сондай – ақ Денисов музыкалық мектебінің музыкалық жетекшісі А.Б. Валиханов пен Арсен Валихановтың орындауындағы «Ата толғауы», «Әлқисса»  күйлерін тыңдады.

Балалар викторинаға қатысты, пазлдарды жинады, қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының аттарын тапты. Ең белсенділері тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Мы в социальных сетях