Өз ісінің шебері
Ұқыптылық пен дәлдік, жауапкершілік, табандылық пен еңбекқорлық, үздіксіз білім алу – бухгалтерге қажетті қасиеттері. Мұның бәрін өз бойында дамыта алған адам – керемет есепші. Денисов тарихи-өлкетану музейінде осындай жоғары деңгейлі маман жиырма жылға жуық жұмыс істейді.
Татьяна Владимировна Фоменко жас кезінде таңдаған мамандығына адал. Он бес жасында ол Қостанай кооперативтік техникумының студенті болып бухгалтерлік мамандықты игере бастайды. Ал кәмелетке толған жылында аудандық тұтынушылар одағында есепші болып жұмыс істей бастады. Содан бері ол бухгалтерлік тәртіпке миллиондаған сандарды, шоттар мен есептерді бағындырып, соңғы жылдары ол электронды сатып алулармен де айналысады.
Татьяна Владимировна көптеген грамоталармен, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен марапатталған. Күн сайын Қостанай облысының түкпір-түкпірінен әріптестері оның кеңес сұрайды. Сондай-ақ тағылымдамаға келгендерге жақсы тәлімгер бола отырып, жастармен тәжірибесімен бөліседі.
Музей ұжымы осындай әріптесімен бірге жұмыс істеуге қуанышты: ол мейірімді, адал, мәдениет мекемесінің қаржыландыруы мен материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жеке уақытпен есептелмеуге дайын.