"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

#RepublicDay #25Қазан #Декларация35жыл!

           Басты ұлттық мереке-Қазақстан Республикасы Күні қарсаңында Денисов тарихи-өлкетану музейінде "Қазақстан Республикасы Күні - Тәуелсіздік алу тарихы" бейнедәрісі өткізілді. № 2 Денисов жалпы білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушылары мерекенің тарихы, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған тәуелсіздік Декларациясы туралы білді.

          Республиканың білім беру ісінің үздігі, жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі, № 2 Денисов жалпы білім беретін мектебі директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Г. П. Моргуль барлығын осы тамаша мерекемен құттықтап, Қазақстанның негізгі жетістіктері туралы айтып берді.

        Іс-шараға "Қазақстанның егемендігі туралы Декларациясына 35 жыл" көрмесі дайындалды.



Мы в социальных сетях