Денисов тарихи-өлкетану музейі «Біздің өлкеміздің тарихындағы есімдер» ақпараттық постерлерін жариялауды жалғастыруда. Кезекті постер инженер-полковник, Байқоңыр ғарыш айлағы бастығының ғылыми–зерттеу жұмысы жөніндегі орынбасары (1959-1964), техника ғылымдарының кандидаты (1959), Ленин сыйлығының лауреаты (1961) Журавлев Михаил Федоровичтің туғанына 105 жыл толуына арналған.
Михаил Федорович Журавлев-Денисов ауданы Камышное ауылының тумасы, Журавлевтер отбасы бірнеше жыл Денисовка ауылында тұрып, Денисовка 8 жылдық мектебін бітірген.
М. Ф. Журавлев-Ұлы Отан соғысының қатысушысы, шайқастармен Берлинге жетті, әлемдегі алғашқы жасанды жер серігін құруға және іске қосуға қатысушы, Бүкілодақтық «Білім» қоғамының тамаша дәріскері, Денисовкаға бірнеше рет барып, ғарыш туралы қызықты дәрістер оқыды. Михаил Федорович-ақын, лирикалық өлеңдердің авторы, 2020 жылдың сәуір айында Қостанайда космонавтика күні қарсаңында оның «Услышать можно шёпот звёзд...» атты авторлық кітабы жарық көрді.
Оның өлеңдерінің бірі біздің көркем жерлерімізге арналған:
«Ах, Тобол ты мой Тобол
Перекаты, камни, талы,
И Заречный мелкий брод
И Денисовские скалы…».

