Денисов тарихи-өлкетану музейі «Біздің өлкеміздің тарихындағы есімдер» ақпараттық постерлерін жариялауды жалғастыруда. Кезекті постер Құланбай Бакенұлы Қонысбаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған.
Денисов ауданының Құрметті азаматы, ауыл шаруашылығының еңбек ардагері, Қостанай облысы Орджоникидзев ауданының Аят ауылының тумасы. «Алшан» совхозының директоры (1961 – 1991). «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Еңбек ерлігі үшін» медалімен, көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталған. 2014 жылы қайтыс болды.

