
Денисов тарихи-өлкетану музейі «Біздің өлкеміздің тарихындағы есімдер» ақпараттық постерін жариялауды жалғастыруда. Кезекті постер Денисов ауданының Құрметті азаматы, ауыл шаруашылығының еңбек ардагері, Денисов ауданы Никольское кентінің тумасы Бейсембай Төребайұлы Утегеновтың туғанына 85 жыл толуына арналған.
Бейсембай Төребайұлы Денисов ауданының Свердлов және «Алшан» (1991-2008) кеңшарларының директоры болған. Ауыр 1990 жылдары жұмыс істеген кезінде «Алшан» совхозы озық шаруашылық болды. Бейсембай Төребайұлы өте жақсы басшы, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті маманы болды.
