"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

Қонақтар өлкетану музейіне келіп, «Ауғанстан. 1979–1989» көрмесінде ұсынылған фотоқұжаттық материалмен танысты. Содан кейін аудандық кітапхананың оқу залында мәдениет Үйі мен кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған дөңгелек үстел отырысы өтті. Кешіміздің кейіпкерлерін аудан әкімінің орынбасары Е. Н. Подело жылы қарсы алды, аудандық мәдениет Үйінің солистерінің орындауында әндер шырқалды, ауған жауынгерлерінің жұбайлары мен жесірлеріне гүл шоқтары табысталды. Біз Ауғанстан туралы деректі фильмнің үзінділерін, Денисов ауданының интернационалист-жауынгерлері туралы презентацияларды бірге көрдік, бір минут үнсіздікпен кеткендерді еске алдық. Ауған соғысының ардагері Х.А. Шаймарданов пен интернационалист жауынгердің жесірі Г.Т. Қадамбаева жас ұрпаққа жылы лебіздерін білдіріп, қолдау көрсетті. Іс-шара дастархан басында шай ішумен аяқталды.

Мы в социальных сетях