"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

27 ақпанда Денисов тарихи-өлкетану музейі аудандық мәдениет Үйі және орталықтандырылған кітапхана жүйесімен бірлесіп, алғыс айту Күніне арналған «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты мерекелік бағдарламаның ұйымдастырушысы болды. Музейде «Музейге сыйлық: соғыс туралы экспонаттар» атты жаңа экспонаттар көрмесі ұсынылып, сыйлық берушілерге алғыс сөздер айтылды.

Жеңістің 80 жылдығы жылы музей қорларын майдангерлер мен тыл еңбеккерлері туралы материалдармен толықтыру мақсатында Қазақстанда «Музейге сыйға тарту» жалпыреспубликалық акциясы жарияланды. Біздің музейге осындай материалдарды Кравцова Наталья Владимировна, Зильбаева Гүлсім Ташқызы, Бусс Ольга Ивановна, Кожевникова Тамара Кирилловна, Мырзабаев Алпамыс Елтайұлы, Достанов Болат Құланбайұлы, Котельников Анатолий Александрович, Пашина Анастасия Александровна сыйға тартты. Тарихи мұраны сақтауға қосқан жеке үлесі үшін баршаңызға алғысымызды білдіреміз.

   

   

Мы в социальных сетях