"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

Көрісу күні – ежелгі кездесулер мен ізгі тілектер мерекесі. Оның тамыры көшпелі мәдениеттің терең тарихына кетеді: ұзақ әрі қатал қыстан кейін адамдар көршілері мен туыстарын аралап, хал-жағдай сұрасқан.

Бүгінде бұл дәстүр жалғасын табуда: адамдар кездесіп, дәмді тағамдар дайындап, бір-бірін құттықтап, көктемнің келуін бірге тойлайды.

Бұл күні музей мен кітапхана қызметкерлері ұлттық тағамдардан шай үстелін жайып, қонақтарды қарсы алды, олар Наурызнама онкүндігінің алғашқы күнінің дәстүрлері туралы айтып, жолаушыларға бауырсақпен бірге хош иісті шай ұсынып, бір-біріне денсаулық пен бақ-дәулет тіледі.

 

 

 

Мы в социальных сетях