
16 наурызда, Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай, Денисов тарихи-өлкетану музейі № 2 Денисов жалпы білім беретін мектебінің 9 «Б» сынып оқушыларына арнап «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» атты іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан негізгі отбасылық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, мысалы, «Шашу», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару» рәсімі туралы айтылды.
