21 наурызда музей мен кітапхана ұжымдары киіз үйлер орнатылған Денисовка ауылының алаңында Наурыз мерекесін атап өтуге қатысты. Солардың бірі - хан киіз үйінде мыңдаған жылдардан бастау алған Наурыз мерекесінің тарихы, қазақ халқының этнографиясы туралы кітаптар, сондай-ақ музей қорынан ұлттық киімдер ұсынылған көшпелі көрме ұйымдастырылды. Музей қызметкерлері "Наурызнама" тақырыбында тарих дөңгелегі зияткерлік ойынын өткізді.
Киіз үйдің кіреберісінде барлығына бауырсақтар мен тәттілер ұсынылды, қонақтар жарқын музей инсталляциясының аясында қуана суретке түсті.







