2026 жылғы 22 сәуірде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Денисов ауданы білім бөлімінің Академик Темірбай Байбусынұлы Дарқанбаев атындағы Аят жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Академик Темірбай Байбұсынұлы Дарқанбаев: Ұлы биохимиктің мұрасы және оның Қазақстанның қазіргі білім берудегі рөлі» (облыстық «Ұлы тұлғалар жолы» жобасы аясында) атты ғылыми-практикалық семинар өтті.
Семинар барысында Денисов тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ҚазКСР ҒА академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, белгілі қоғам қайраткері, жерлесіміз, атақты ғалым-биохимик Т.Б. Дарқанбаевқа арналған «Біздің атақты жерлесіміз – академик Т.Б. Дарқанбаев» атты көрме ұйымдастырды.

