"Денисов тарихи-өлкетану мұражайы" КММ

8 (71434) - 2 - 11 - 93

 

30 сәуірде Денисов тарихи-өлкетану музейі Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан – достық пен бірлік елі» атты мерекелік бағдарламаға қатысты. Бұл шара Денисовка ауылының орталық алаңында өтті. Киіз үй тігіліп, онда «Дәстүрлерден шабыт» атты қолөнер шеберлерінің бұйымдары көрмесі ұйымдастырылды. Құрақ көрпе тігу техникасымен көрермендерді шебер Галина Панычева таныстырды. Ағаштан жасалған ыдыс-аяқ, сағат, үстел сияқты бұйымдарды шебер Батырбек Қалимов ұсынды. Сондай-ақ, аудандық Балалар шығармашылық үйінің педагогтері мен тәрбиеленушілері де өз туындыларымен қуантты – бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылды.

Мы в социальных сетях